Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық тіл моделін (KazLLM) әзірлеуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Суперкомпьютердің есептеу қуатын пайдалану оны бизнес пен ғылыми қоғамдастыққа жалға беру арқылы экономика секторларында өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Суперкомпьютер жобасын бастау үшін жасанды интеллект құралдарының құқықтылығы бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деді ол.
Бектеновтің сөзінше, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жалға алу рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ қазақстандық тіл моделін (KazLLM) әзірлеуді жеделдету маңызды.
Осыған байланысты Қаржы министрлігіне биыл шілденің соңына дейін қолданыстағы тәртіпке қажетті түзетулерді пысықтауды тапсырамын. Ғылым министрлігі Назарбаев университетімен бірлесіп, биылдың соңына дейін KazLLM үлкен тілдік моделіне арналған деректер жинауды аяқтасын. Саясат Нұрбекұлы, бірінші модельді сынақтан өткізу биылдың ІІІ тоқсанында жүргізілуге тиіс, - деп тапсырды Үкімет басшысы.