Инфляция деңгейі 11,8%-ға тұрақтады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономикалық ахуалды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы деректер бойынша инфляция деңгейі 11,8 пайызға тұрақталды. Біз жылдың соңына дейін 10 пайызға дейін төмендетеміз деген жоспарымыз бар. Ескеру керек жайт, экономикалық қарқынды өсім мен инфляция - ол әрдайым бір қатарда тұратын ұғымдар. Қарқынды экономикалық өсім болса, инфляцияда болады. Мұны да түсінуіміз керек. Ең бастысы - экономикалық өсім нәтижесінде адамдардың табыстары өсу керек және өсімнің жылдамдығы инфляциядан жоғары болуға тиіс. Сонда нақты мәнде халықтың әл-ауқаты өседі. Біз осыған ұмтыламыз, - деп түсіндірді Бектенов Үкіметте өткен брифингте.
Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.
Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.