Бүгін Үкіметтің алғашқы көшпелі отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев eGov-тағы жаңа көмекшіні таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр онлайн көмекші арқылы некені қалай тіркеуге болатынын көрсетті. Бірақ жүйе оның өтінішін орындамады. Өйткені қазір Жаслан Мәдиев некеде тіркелген. Аталған ЖИ ондай қызмет көрсете алмайды.
Жүйе сізді әрі қарай өткізеді деп дәмелендіңіз бе? Бүгінгі отырыстан кейін әйеліңізбен әңгіме қиын болайын деп тұр. Жалғастырыңыз, - деп әзілдеді Бектенов.
Мәдиев жүйені алдау мүмкін емес екенін атап өтті.
Бұған дейін енді мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект оқытылатынын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ бүгінгі Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде заңсыз қоқыс үйінділері жасанды интеллектің көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.