Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов: Машина жасау саласын роботтандыру – өндіріс тиімділігін арттырады

24 Сәуір 2025, 12:49
613
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумында Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, былтыр салада 9,7%-ға өсім байқалған. Бұл ішкі әлеуеттің жоғары екендігін білдіреді.

Әрине, алда әлі қолға алынуға тиіс іс көп. Экономикада күрделі жағдайға қарамастан 4,8%-дық өсім байқалды. Өсім өнеркәсіпті өңдеуші сектор, құрылыс, көлік, агроөнеркәсіп кешенінің саласы есебінен болды. Яғни даму бар. Соның ішінде мемлекеттік қолдау да маңызға ие екендігін атап өткеніміз жөн. Бұл жерде мемлекеттің рөлі – аталған бағытта басым әрі маңызға ие деген бағыттарды ынталандыру, - деп атап өтті Премьер-министр.

Бектенов: Машина жасау саласын роботтандыру – өндіріс тиімділігін арттырады

Сонымен қатар ол роботтандыру мәселесін де тілге тиек етті.

Біз роботтандыру мәселесін көтердік. Бұл өндірістің тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыру мен өзіндік құнын арттыру тұрғысынан алғанда өте тиімді мәселе. Сондықтан Үкімет өнеркәсіп салаларына роботтандыруды енгізуді жандандырады. Қазіргі күннің өзінде өз өндірісіне роботтарды енгізуді белсенді жүргізіп жатқан кәсіпорындар көп, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетерлігі, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10%-ға артқан. Ал биыл I тоқсанда аталған көрсеткіш 17%-дан асты.

 

Өзгелердің жаңалығы