Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тартуды тапсырды

Жансая ҚАМБАР
4 Қараша 2025, 12:11
316
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңірде футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Футбол клубтарын жекешелендіру туралы Президент үндеуіне кәсіпкерлер үн қосып жатыр. Біз кәсіпқой спорт үшін сапалы резерв құруымыз керек. Спорт мектеп-интернаттарының дамуына да көңіл бөлу қажет. Бірқатар өңірлерде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ, - деді Премьер-министр.

Ол Астанада жеке инвестициялар есебінен құрылған инновациялық балалар орталықтарының желісін дамыту бойынша табысты тәжірибені басқа өңірлерде де қолдану қажет екенін атады.

Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Шымкент және Астана қалаларының әкімдері футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтсін, - деп тапсырма берді.

Еске салсақ, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында елімізде футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы