Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға бюджет қаржысын үнемдеп, нақты нәтиже көрсету міндетін қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларының алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қарастыруы қажет. Ішкі істер министрлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы жолдар мен қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтарды алдын ала анықтау жұмыстарын күшейтсін. Оқу-ағарту министрлігі жол қозғалысы ережелерін оқыту бағдарламаларына енгізуді жалғастыруы керек, – деді ол.
Бектеновтің айтуынша, Президенттің берген сұхбаты Үкіметтің алдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді.
Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар бұл міндеттерді табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін салуы тиіс. "Сөзден іске көшу қажет". Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыда қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже көрсету керек. Ал есеп беру мен презентация жасау – мұның бәрін доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Егер осылай жаңаша жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар, мәселені шешеміз, – дейді ол.