Сенат депутаты жаңа қызметке тағайындалған Премьер-министрге сәттілік тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы өзінің жеке парақшасында жазды.
Олжас Бектеновты іскер, әрі әділ азамат ретінде білемін. Мемлекеттік қызметте қатардағы маманнан премьер-министріне дейінгі жолды өз бетінше жүріп өтті, - деп жазады ол.
Сондай-ақ білікті маманның өз қызмет жолында ешқандай жанжалға кезікпегенін айтты.
Осы күнге дейін жоғары мінберде жүріп, бірде-бір жанжалдың ортасында қалмаған білікті маман деп санаймын.Жаңа жауапты қызметінде елдің әлеуетін көтеруде қажымас қайрат тілеймін, - деп тілек білдірді.