Бектенов әкімшілік істер бойынша рақымшылық тетігін екі аптада әзірлеуді тапсырды 

«Заң мен тәртіп» қағидаты – жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының ұстанымдарының бірі.

 Үкіметтің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:24
Бүгiн 2026, 11:24
90
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Заң мен тәртіп» қағидаты жаңа Конституцияның негізгі ұстанымдарының бірі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Заң мен тәртіп» қағидаты – жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының ұстанымдарының бірі. Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысына талдау жүргізіп, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізуі керек. Қауіпсіздік пен мүлдем төзбеушілік саясатын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Ұлттық баяндама аясында жыл сайын жариялануы қажет.

Мемлекет басшысы Үкімет жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның жұмыс форматын қайта қарады, - деді Олжас Абайұлы. 

Бектенов Ішкі істер министрлігіне биылғы сәуір айының соңына дейін комиссия отырысын жаңа форматта өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.     

Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет көтеріліп отырғанын атап өтемін. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін, - дейді Олжас Абайұлы.

Наверх