Бектемісова Астанадағы сайлаудың өңірлерден ерекшелігін атады

14 Қаңтар 2023, 11:04
780
Бөлісу:
Бектемісова Астанадағы сайлаудың өңірлерден ерекшелігін атады
Фото: автордан

Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова Астанада бір күні екі сайлау өтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының өңірлерден ерекшелігі біз екі сайлауды бір күні өткізіп отырмыз. Өздеріңізге мәлім, былтыр Астана қаласынан сенатор Күрішбаев мырза өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен қосымша сайлау жарияланды және ҚР Президентінің жарлығына сәйкес бүгін кезекті Сенат депутаттарының сайлауы өткізіледі, – деді ол.

Комиссия төрайымы сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген мерзімде Астана қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу жүргізілгенін айтып өтті. Сондай-ақ шығып қалған депутаттың орнына үш кандидат және кезекті Астана қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына да үш кандидаттың тіркелгенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы