Бектаев қандастардың елге оралғанда мал-мүлкін бірге алып келу мәселесін көтерді

18 Қараша 2020, 12:10
2556
Бөлісу:
Бектаев қандастардың елге оралғанда мал-мүлкін бірге алып келу мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның кезектен тыс XVIII съезі барысында айтты.  

Тәуелсіздік алғалы тарихи Отанға 1,2 млн қандасымыз оралса, қазір олардың саны 3 млн-ға жуықтады. Бұл – үлкен әлеумет. Олардың қоғам мен мәдениетке, ауыл шаруашылығына қосқан үлесі зор. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, қазір сыртта 7,5 млн ағайын жүр. Өкініштісі, олардың Қазақстанға көшіп келуі соңғы 10 жылда күрт азайды. Себебі 2010 жылдан бастап мемлекеттік қолдау тетіктері азайды. 2017 жылдан бастап қоныс аудару квотасы пайда болды. Бірақ нәтиже 0-ге тең, - деді ол. 

Әли Бектаев атағандай, қандастар көшін қайта жандандыру үшін дипломатиялық миссия, құзырлы органдармен бірігіп, олардың көшіп келу кезінде мал-мүлкін бірге алып келу мәселесін шешетін уақыт жеткенін айтты. 

«Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасын да өткіздік. Ол арқылы біз халықтан қол үзбегенімізді көрсеттік. Сауалнама бойынша халықтың көкейінде жүрген өткір мәселелер айқындалды, - деді ол. 

Айта кетейік, «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының нәтижесі 16 қарашада белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы