Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің орнына уақытша Қарлығаш Әбдіжаппарова келді.
Бұған дейін еліміздің БАҚ беттерінде Жандарбек Бекшиннің зейнетке шығуына байланысты 2022 жылдың 4 қаңтарынан бастап жұмыстан кететіні хабарланған.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аталған мәліметті растады.
Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес Жандарбек Бекшин 27 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында демалысқа шығады. Бұл аралықта басшылық міндетін атқару Қарлығаш Әбдіжаппароваға жүктелді,-деді департаменттегілер.
Айта кетсек, Жандарбек Бекшин Алматы қаласы бас санитар дәрігері міндетіне 2020 жылдың 18 сәуірінде тағайындалған еді.