Бекайдаров сөгіс алған мемлекеттік қызметкерлерді атады

6 Тамыз 2021, 17:41
1452
Бөлісу:
Бекайдаров сөгіс алған мемлекеттік қызметкерлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Агенттіктің жедел тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен брифингте айтты.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін Ақтау қаласы бойынша МКБ басшысы Ахметқалиев тәртіптік жауапкершілікке тартылды – «қатаң сөгіс», - деді ол.

Бекайдаров атағандай, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушының бұйрығы шыққан.

Көкшетау қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Манатов сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Жұмажан «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ СҚО бойынша Әскери институттың жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстағы елеулі олқылықтар үшін Әскери институттың бастығы генерал-майор Әбжановқа сөгіс жарияланды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Өзгелердің жаңалығы