Бек Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа ауысты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы карьерасын бастайды, деп хабарлайды Sports.kz.</h4>

 8 Маусым 2020 2020, 08:45
8 Маусым 2020 2020, 08:45
2097

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы карьерасын бастайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мен құрамадан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын,- деп жазды спортшы Instagramдағы парақшасында.
Бек Нұрмағанбеттің әуесқой бокстағы деңгейіне келер болсақ, ол - Азия чемпионы. Өткен жылы қазақстандық 81 килограмм салмақта "алтын" еншіледі.

Нұрмағанбет Екатеринбургте (Ресей) өтетін әлем чемпионатына қатысуы тиіс еді, бірақ жарақатына байланысты турнирге бара алмады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевқа оның орнына Бекзат Нұрдаулетовті ауыстыруына тура келді.
Наверх