Bek Air қызметкерлері ақысыз демалысқа жіберілген

15 Қаңтар 2020, 11:13
2002
Бөлісу:
Bek Air қызметкерлері ақысыз демалысқа жіберілген

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда "Бек Эйр" компаниясының қызметкерлері жұмыс тоқтағалы, жағдайымыз қиындап, қарызға белшеден баттық деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

12 адамның өмірін жалмаған апаттан кейін бұл компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылып, қызметкерлері ақысыз демалысқа кеткен. Қазір "Бек Эйрдің" қызметін шетелдік мамандармен бірігіп арнайы комиссия тексеріп жатыр.

"Бек Эйр" қызметкерлері бүгін қаңырап бос тұрған бас кеңсеге талап-тілектерін жеткізуге жиналды. Амалдың жоқтығынан ақысыз демалысқа шыққан олар алдағы күндеріне алаңдаулы. Ұшқыш, бортсерік, инженер – бас-аяғы 400-ге жуық адам жұмыс тоқтағалы қаржыдан қысылып, күнкөріс қиындай түскенін айтады.
 

Менің әріптестерім бар жиналған үндеуін жолдаған. Олардың ипотекасы, кредиттері бар. Жалғызбасты аналар бар. Жұмыс жүрмесе, олар ешқандай айлық алмайды. Осыған орай, қандай да бір төлемақыларын төлей алмай, балашағасын асырау мәселесінде не істерлерін білмей отыр, - дейді бортсерік-нұсқаушы Тұрсын Ахметов. 

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің екінші бортсерігі Мұрат Сахов тергеу құпиясын алға тартып, ұшақтың құлаған сәті туралы тіс жармады. Тек ол сүйікті жұмысына оралып, көкте қалықтағысы келетінін жеткізді.
 

Өзім пилоттарды, бортсеріктерді жақсы білемін. Өзім де емтихан өтемін. Тренингтер жүреді. Өзіміздің жұмысымызды жақсы білеміз, - дейді бортсерік Мұрат Сахов. 


27 желтоқсанда Алматы маңында "Бек Эйр" компаниясына тиесілі "Фоккер-100" ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін әуе компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылған болатын.



 

Өзгелердің жаңалығы