Комитет "Бек Эйрден" рейстерге сатып алынған билеттердің толық құнын қайтаруды талап етті

3 Шілде 2020, 18:50
1667
Бөлісу:
Комитет "Бек Эйрден" рейстерге сатып алынған билеттердің толық құнын қайтаруды талап етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (ТҚҚК)
"Бек Эйр" АҚ-қа екінші сот ісін қозғады.

Бүгін, 2020 жылғы 3 шілде күні ТҚҚК "Бек Эйр" АҚ-қа қатысты Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында екінші сот ісін бастауға жіберді. ТҚҚК-ті жалпы құны 5 902 916 теңгеге сатып алынған 177 билет 81 адамның мүдделерін өкілдік етеді. ТҚҚК талабы – бұдан бұрын әуе рейстерге сатып алынған билеттердің толық құнын қайтаруға "Бек Эйр" АҚ қызметіне тұтынушылардың құқығын мойындау, тұтынушының кінәсінен болмағаны және тұтынушының пайдасына әуе билет үшін төленген соманы қайтару, - делінген хабарламада.

Барлық келіп түскен өтініш сот ісіне қосымша енгізіледі, ол үшін тұтынушылар ТҚҚК-не белгіленген формадағы өтінішті жіберу керек, оны мына сайттағы сілтемеден жүктеп алуға болады.

Өтініштер келесі бойынша қабылданады:

        - электрондық үкіметтің порталы;

         - телеграмм бот-kzpp_bot.

Өтінішпен қатар мыналарды қоса тіркеу керек:

         - жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);
         - төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртегі және т.б.);
         - билеттің көшірмесі;
         - өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен анықтама);
         - тұтынушы осы мәселе бойынша "Бек Эйр" компаниясымен бұрын байланысқандығын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.). 
                   

Өзгелердің жаңалығы