Миллионер Сұлтановтың Bek Air-ге қатысы жоқ – Нұрлан Жұмасұлтанов

5 Қаңтар 2020, 14:13
4053
Бөлісу:
Миллионер Сұлтановтың Bek Air-ге қатысы жоқ – Нұрлан Жұмасұлтанов

Алматы, BAQ.KZ.  Егер біздің әуекомпанияны кінәлі деп тапса, мен жігіттерімді ренжітіп қойып отырмаймын. Олар үшін өзім отырып шығуға дайынмын.

Бұл туралы Bek Air әуекомпаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов "За нами уже выехали" ютуб каналына берген сұқбатында айтты. 

Сұқбат барысында ол 27 желтоқсан күні Алматы әуежайында болған ұшақ апатының себептеріне тоқталып, өз нұсқаларын түсіндіріп берді.
Ұшақ әуеге 5 метрдей көтерілісімен ол оңға, солға шайқала бастаған. Бұл жағдай бейнебақылауда анық көрінеді. Ұшақ төмендей түскенде шайқалу басылған, одан кейін ол қайта көкке көтерілген.  Бұл кезде ұшақ тағыда оңға, солға шайқалады. Ұшақ қайта қонғанда ұшу алаңынан өтіп кеткен, асфальті жоқ жерге қонып, сырғи жөнеледі. Солайша әуежайдың қорғанын бұзып өтіп,  жаңадан салынған үйге барып соғылған, - дейді ол.
 
Оның айтуынша, ұшақтың шайқалуына әкелетін себептің бірі жел. Алдымен жел бір жағынан соғып, кейін екінші жағынан соққанда ұшақ шайқалады. Алайда ол күні ауа райы қолайлы болған, қауіп төндіретіндей жел болмаған көрінеді. 
Бейнебақылаудан ұшақты оңға қарай тартқаны көрінеді, ал ұшқыш оны түзеуге тырысады. Бір сәтте ұшақ солға қарай қисайып қанаты жерді сырып өтеді. Кейін ол әуеге көтеріледі. Бұл жағдайда ұшақты тоқтатуға болмайды, ол өте қатты жылдамдықпен келе жатыр. Яғни ұшу жағдайында. Ұшақтың бір қозғалтқышы істен шықса екіншісінің күші оны діттеген жеріне апаруға қауқарлы, - дейді Н. Жұмасұлтанов. 

Оның пайымдауынша, бұның алдында бір минут бұрын ұшқан ұшақтан қалған ауа иірімдері себеп болуы мүмкін. Мұндай нұсқаны компания басшылығы бұған дейін өткен баспасөз мәжілісінде де айтқан болатын. 
Ұшақта техникалық ақау болды немесе ұшқыштың қателігінен орын алды деген нұсқаны жоққа шығарамын. Біздің ойымызша Fokker 100-дің алдында ұшқан әуекемесінен қалған ауа иірімдері кедергі келтіруі мүмкін. Жалпы ұшақтар арасындағы ара қашықтықты ұзарту керек, - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіде жазып жатқандай миллионер Нұрбол Сұлтановтың Bek Air-ге ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.
Бұл голандықтармен бірігіп ашқан менің жобам. Голандықтар ұшақ тағайындады, ал мен оларды осында жұмыс істеуге әкелдім, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы