«Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір» марафонын бастады

19 Ақпан 2023, 12:14
1600
Бөлісу:
«Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір» марафонын бастады

Марафонға ауасы жоғары ластанған қалалардың тұрғындары, экологтар, жақтаушылар мен партия мүшелері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласынан басталған марафонға жүгірушілер арнайы противогаз киді. Одан бөлек Алматы және Теміртау қалаларының саябақтарында акцияны қолдау мақсатында марафоншылар жүгіруге шығады. 

Акцияның негізгі мақсаты ірі қалалардың экологиялық проблемаларына, көміртегі газы шығарындыларының жоғары деңгейіне және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу проблемаларына назар аударуға бағытталған.

“Қазір ең үлкен мәселелердің бірі үлкен қалалардағы экологиялық жағдай. Бүгінгі таңда қаншама адамдар әртүрлі аллергиялық тыныс мүшелерімен  ауруға шалдығып жатыр. Кейбір жерлерде адамдар жаман аурумен ауырып, өз туысқандарынан айрылып жатыр. Астананың өзінде де қыстыгүні көмірдің әсерінен ауа таза көрінбейді. Әр қалада Павлодар, Өскемен, Егібастұз және Атырау барлығында ауаның жағдайы өте нашар. Осыған байланысты Мәжіліс депутатына кандидат және “Байтақ” жасылдар париясының көшбасшысы ретінде бүгін “ Таза ауа жұтқым келеді” деген акцияны бастадық. Марафонға қатысушылар противогаз киіп жүгіреді. Жалпы біздің мақсатымыз халыққа барынша қоршаған ортаны, табиғатты аялаудың негізгі құндылықтарын жеткізу”, - дейді “Байтақ” жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай.
 

Аталған марафон 1 аптаға дейін жалғасады.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы