Оған еліміздің әр өңірінен 1500-ге жуық делегат келді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шараға «Байтақ болашақ» республикалық экологиялық альянсының өкілдері де қатысты. Жаңа саяси ұйым экологиялық бағытты ұстанады. Бұған дейін партия әділет органдарында бастапқы тіркеуден өткен болатын. Енді съезден кейін мүшелерінің тізімін ұсынуы керек.
"Хабар 24"-тің хабарлауынша, олардың арасында Ирак Елекеев, Дос Нұр-Ахмет, Азаматхан Әміртаев, Виктор Сейпульник сияқты Қазақстанға танымал тұлғалар бар. Ал, ұйымдастыру комитетінің құрамына ақын Олжас Сүлейменов пен ғарышкер Тоқтар Әубәкіров кірген. Сонымен қатар, «Байтақ» партиясына экологиялық қоғамдық ұйымдардың, еріктілер қозғалысының және республикалық бақылаушылар қозғалысының жетекшілері де мүше болды.
Партияның ұстанымы мен міндеті айқын. Ол халықты экологиялық мәденетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға үндейді. Қазір бізде осыған қатысты көптеген заңдар бар. Бірақ заңнамалық актілерді қолданғанда тәжірибе жетпей жатады. Сондықтан бірінші кезекте осы заңдар бойынша белсенді жұмыс атқаруды талап етеміз. Біздің партия Қазақстанның саяси өмірінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, - «Байтақ» партиясының тең құрылтайшысы Тимур Елеусізов.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда бес саяси партия тіркелген, оның үшеуі Парламентте жұмыс істейді.