Байқоңырдан "Прогресс МС-36" жүк кемесі ғарышқа ұшырылды

Бұл туралы "Роскосмос" хабарлады.

 скрин 24 Қараша 2026, 23:43
24 Қараша 2026, 23:43
176
Фото: скрин
 
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-36" жүк кемесі тиелген "Союз-2.1б" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зымыран Астана уақытымен сағат 15:17-де (Мәскеу уақытымен 13:17-де) көкке көтерілген.

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, экипаж мүшелеріне қажетті тұрмыстық заттар мен жұмыс жабдықтарын жеткізеді.

Сондай-ақ жүк құрамында "Теледроид" ғылыми эксперименті үшін әзірленген адамға ұқсас робот бар. Ол ғарыштағы зерттеу жұмыстарына пайдаланылмақ.

Наверх