Бұл туралы Байқоңыр қаласындағы екі елдің білім бөлімінің өкілдері Qyzylorda телеарнасының жұлдызды қалашықтағы тілшілеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ QyzylordaTV-ға сілтеме жасап.
Байқоңырдағы ресейлік мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері енді «қосымша пән» ретінде оқытылады. Бұл бастама оқушылар мен ата-аналардың қалауымен жүзеге асырылмақ.
Бүгінде Байқоңырда 5 қазақстандық және 7 ресейлік мектеп бар. Ресейлік стандарттармен оқытылатын мектептерде Қазақстан азаматтарының 2 мыңға жуық баласы білім алып жатыр. Олар енді «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихын» қосымша пән ретінде таңдап, аптасына 1 рет зейінін арттырмақ. Қазіргі таңда жұлдызды қалашықтағы Янгель атындағы нөмірі 7 мектепте 55 оқушы аталған пәндерді қосымша сабақ ретінде таңдап оқып жатыр
«2022 жылғы Мәскеуде өткен «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысының қорытындысы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» Байқоңыр қаласындағы орыс мектептерінде оқыту мәселесін бірлесіп зерделеу туралы шешім қабылданды. Сонымен, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қазақстандық тараппен кездесулерінде бұл пәндерді тек оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша сабақтан тыс өткізу бағдарламасы енгізілді. Қазір Янгель атындағы 7 мектепте оқушылар мен ата-аналардың өтінішін қабылдай отырып 5, 6, 8, 9- сыныптарда «қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазасқатан тарихы» пәндерін сыныптан тыс оқыту жұмыстары ұйымдастырылуда, – деді Байқоңыр қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Георгий Глазунов.
Қазіргі таңда Янгель атындағы 7 мектепте осы пәндер оқытылып жатыр. 5, 6, 8, 9 сыныптарда. Алдағы уақытта қалған 5 мектепте осы пәндерде оқыту жұмыстары жоспарланып отырып, 2024 жылдың қаңтар айнынан бастап жүргізіледі. Бұл пәндер ресейлік мектептерде ата-аналардың өтініштеріне сәйкес жүргізіліп жатыр, – деді Қармақшы аудандық білім бөлімінің Байқоңыр қаласындағы сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.