Байқоңырда гемодиализ орталығы ашылды

30 Қаңтар 2024, 21:50
870
Бөлісу:
Байқоңырда гемодиализ орталығы ашылды
Фото: BAQ.KZ -архив

Ем-шара бөлмелері соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мұнда бір мезетте 10 адам ем қабылдай алады. Бұған дейін қала мен оның маңайындағы Төретам, Ақай ауылының тұрғындары 100 шақырымнан астам жол жүріп, Қазалы ауданындағы медициналық орталықтың қызметіне жүгінетін. 

Ал бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан азаматтар мұндай ем түрін 4 сағат бойы, аптасына 3 рет қабылдауы керек. Бұл созылмалы дертке шалдыққандар үшін өзекті мәселе еді. 

Бұл кісілердің саны көбеюі мүмкін. Сондықтан келген кісілердің бәрін басқа жаққа қатынамайтындай мүмкіндігінше қабылдауға тырысамыз, - деді  гемодиализ орталығының меңгерушісі Жетес Әлмаханов.

Өзгелердің жаңалығы