Байқоңыр қаласындағы бассейнде 9 жасар бала қайтыс болды

25 Желтоқсан 2022, 15:30
1336
Бөлісу:
Байқоңыр қаласындағы бассейнде 9 жасар бала қайтыс болды

«Байқоңыр» кешенінің прокуротурасының мәліметінше, бассейндегі 9 жасар баланың өлімі фактісі бойынша тексеру ұйымдастырылды деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 желтоқсанда сағат 14:40 шамасында 9 жасар ұл бала «Орион» бассейнінде болған.

Бассейнге баруға қарсы көрсетілімдері жоқ медициналық құжаттары бар бала жүзу сабағы кезінде кенеттен өзін жайсыз сезінген. Оған бассейн нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері дереу көмек көрсетіп, жедел жәрдемге хабарласты. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың өлімін тіркеді, – делінген хабарламада.

Қажетті зертханалық зерттеулерді жүргізе отырып сот-медициналық сараптама тағайындалды. Медициналық сарапшының алдын ала қорытындысы баланың өлімі жалпы ауруының салдарынан туындағанын айтып, суға бату жағдайын жоққа шығарады.

Аталған факті бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Тергеу бөлімі «Байқоңыр» кешенінде қылмыстық іс қозғады.

Осы қылмыстық істі тергеуді кешен прокуроры өз бақылауына алды.

Өзгелердің жаңалығы