Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды байқау қорытындылары бойынша өткен брифингте айтты.
«Сайлауды партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ төрағасы Төлеген Күнәділов енді орталық байқаушылардың этика кодексін ұсынатынын жеткізді.
Бұдан әрі партиялық емес бақылау орталығы байқаушылардың этика кодексін әзірлеуді ұсынады. Өткен сайлау байқаушылардың барлығы өз миссиясын адал атқармайтындығын көрсетті. Бақылаудың негізгі мақсаты заңнаманың сақталуын бақылау болғанына қарамастан, көбінесе байқаушылардың өздері заң талаптарын елеулі түрде бұзуға, соның ішінде бейне түсіруді жүргізуге және учаскелердегі басқа да дұрыс емес мінез-құлыққа жол береді, - деді ол.
Күнәділов бұл мінез-құлықтың көптеген фактісі сайлау заңнамасының білім деңгейінің жеткіліксіздігімен немесе тәжірибенің жоқтығымен байланысты екенін алға тартты.
Бірақ сайлау процесінің беделін түсіру үшін әдейі арандатушылық әрекеттер жасайтындар да бар. Сондықтан бақылау институтын кәсібилендірудің және жалпы бақылау процесінің барлық қатысушылары сақтауы керек бірыңғай нормаларды әзірлеудің уақыты келді. Біз бақылаушылардың кәсіби пулын дайындау үшін жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс істейміз, - деп толықтырды орталық басшысы.
Төлеген Күнәділов Партиялық емес бақылау орталығы байқаушылар этикасы кодексін құру туралы бастамасын ұсынды.