Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Байкал көлі маңында жер сілкінді

22 Қыркүйек 2024, 01:25
1117
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Байкал көлі маңында 5,8 балды құраған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірде құрбан болғандар мен бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісі 21 қыркүйекте сағат 14:55-те (Астана уақыты бойынша 11:55) Байкал көлінің маңындағы Бугульдейка елдімекенінен 25 шақырымда орналасқан Ольхон ауданында болды. Эпиошақтың қарқындылығы 5,8 баллды құрады, - делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Иркустк, Ольхонск, Слюдянск, Эхирит-Булагатск, Баяндай аудандарында 3-4 балды көрсеткен.

Ғимараттар бүлінген жоқ. Барлық инфрақұрылым нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді елдің ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы