Байденнің иті Ақ үйдің бірнеше қызметкерін қауып алды

26 Шілде 2023, 14:39
847
Бөлісу:
Байденнің иті Ақ үйдің бірнеше қызметкерін қауып алды
Фото: flickr.com / The White House

Байденнің иті АҚШ барлау офицерлерін қауып алды. АҚШ президенті Джо Байденнің сүйікті үй жануары Америка Құрама Штаттары құпия қызметінің бірнеше қызметкерін тістеп алды, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коммандер лақап аты бар саққұлақ бұған дейін де агрессивті мінез-құлық көрсетіп, бірнеше қызметкерді қауып алған еді. Олардың бірі Ақ үйде жұмыс істейтін дәрігер болатын. 2022 жылы 3 қарашада ит дәрігердің қолы мен жамбасын тістеп, зақым келтірді. Азамат ауруханаға жеткізілді. 

2021 жылы тамыз айында Президенттің Мейджор лақап аты бар иті қайта қолға үйретуге жіберілген болатын. Себебі ол үй жануары да қызметкерлерге шабуылдаған. 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің сөзінше, итке Ақ үйге бейімделу қиынға соққан. Стрестік жағдайға түскен жануар агрессивті әрекетке барған.

аударған Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы