Байден COVID-19-дың шығу тарихы туралы ақпаратты жариялауды бұйырды

21 Наурыз 2023, 11:17
955
Бөлісу:
Байден COVID-19-дың шығу тарихы туралы ақпаратты жариялауды бұйырды
Фото: ТАСС

Америка Құрама Штаттарының президенті Қытайдың Ухань қаласындағы зертханаларда жүргізілген зерттеулер мен коронавирустық індеттің арасындағы ықтимал байланыс туралы мәліметтерді қоса алғанда, COVID-19-дың шығу тегіне қатысты ақпаратты жария ету туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Informburo The Guardian-ға сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірместен жария етуге болатын ақпаратты құпиясыз ететіні баса айтылған. 

2021 жылы мен АҚШ-тың Барлау қауымдастығына COVID-19-дың шығу тегін зерттеу үшін қолдағы барлық құралды қолдануға тапсырма бердім және бұл жұмыс жалғасып жатыр. Болашақта осындай пандемияның алдын алу үшін біз COVID-19 шығу тарихын білуіміз керек, - деді Джо Байден мәлімдемесінде.

Өзгелердің жаңалығы