Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында ел қоржынына 30 медаль түсті

18 Маусым 2024, 13:35
327
Бөлісу:
Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында ел қоржынына 30 медаль түсті

Таиландтың Район аймағында байдарка мен каноэде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар құрлық турнирін сәтті аяқтады. Азия біріншілігінен жалпы есебі 30 медаль жеңіп алды.

Біздің ескекшілердің еншісінде 11 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль бар.

Турнирге 17 елден спортшылар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы