Баянауыл әзірге туристерді қабылдамайды

23 Мамыр 2020, 00:02
1722
Бөлісу:
Баянауыл әзірге туристерді қабылдамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында өңірдің бас санитарлық дәрігері Зәмзагүл Досжанова айтты. 

Күн сайын эпидемияға қарсы мониторинг жүргізіледі. Бүгінде облыста 176 коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген. Оның ішінде Екібастұзда – 112, Павлодарда – 61, Ақсуда – 1 және Баянауыл ауданында – 2. Коронавирустық инфекция 38 ошақта анықталды. Облыс бойынша өсу қарқыны күн сайын 0 көрсеткішке ие. Кеше, 21 мамырда 0 пайызды құрады. 20 мамырда -5,4, 19 мамырда – 0, 18 мамырда – 1,2. Екібастұз қаласында 20 мамырда – 5,6, 19 мамырда - 0,18 мамырда – 1. Бұл Екібастұз қаласында ошақтың дер кезінде ауыздықталғанын және байланыста болған адамдарды уақтылы анықтағанын көрсетеді  - дейді Зәмзаүл Досжанова. 

Сондай-ақ ол Баянауыл ауданында екі адамның коронавирус инфекциясын қалай жұқтырғаны туралы айтып берді. 

Олар - 1961 және 1959 жылғы ерлі-зайыптылар. Бірінші 14-і күні әйел адам ауырған, бірақ оның шағымдары коронвирусқа мүлдем қатысты болмаған. Остеохондрозға байланысты болған. Ол аудандық ауруханаға фильтр арқылы жүгініп, рентген жасалған. Фильтрде болғаннан кейін мұрнының сол жағынан талдау алынғанда КВИ анықталған. Эпидемиялогиялық тергеу жүргізуден кейін сол күні жолдасынан да талдау алынып, оның бұрын Екібастұз қаласында провизорлық стационарда пневмония диагнозымен жатқаны белгілі болды. Талдау нәтижесі екі ретінде теріс нәтиже көрсеткен. Әйелінде коронавирус анықталғаннан кейін талдау алынғанда ғана жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде байланыста болған адамдар шеңбері анықталды. Баянауыл аудандық ауруханасының терапевтік бөлімінде барлық байланыста болғандар оқшауланды - деді бас санитар.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Баянауылда туристік маусымның ашылуы туралы шешім 1 маусымнан кейін қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы