«Баянауыл» ҰТП директоры: Баянауылға теміржол тартқым келеді

9 Шілде 2019, 11:55
9975
Бөлісу:
«Баянауыл» ҰТП директоры: Баянауылға теміржол тартқым келеді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан біраз күн бұрын Елордадан Баянауылға дейін «Киелі Қазақстан» экспедициясының құрамында атпен жүріп өтудің сәті түскен болатын. Сол сапарда «Баянауыл» Ұлттық табиғи паркінде болып, парк директорымен сұқбаттасудың сәті түскен еді.

Сүйіндік Бердешұлы әуелі әңгімені бұл паркке қалай келгенінен бастады.

IMG_2277.JPG

«Армандар орындалады дегенді өз басымнан өткердім. Ауылда қарапайым шопырмын. Кім қайда жұмсаса, сонда барамын. Бірақ ойымнан «Баянауыл» паркін басқарсам ғой деген арман кетпеді. Ақыры оған да мүмкіндік болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевқа ойымды айтып, «Баянауылға» барсам не істейтінімді – жоспарымды таныстырдым. Бір апта өтер-өтпесте, «сіз «Баянауылға» барасыз» деген хабар келді. Міне содан бері осындамын» - дейді Сүйіндік Ахметжанов.

IMG_2278.JPG

Ал паркке келген адамның атқарар қызметі осы паркті көркейту, демалушыларға, аң-құстың еркін өсіп-өнуіне жағдай жасау.

«Біздің басты қызметіміз табиғатты қорғау. Өрттен сақтап, орманын, өсімдігін, жан-жануарларын көбейту. Қазіргі кезде қарамағымызда 0,37 млн га жеріміз бар. Оған жыл сайын орман егіп, ауқымын кеңейтіп отырамыз. Өзіміз қолдан шығарған өскіндер бар, соларды отырғызамыз. Қарамағымда 111 адам бар. Олардың 88-і орманшы. Қалғаны кеңсе қызметкері» - дейді парк басшысы.

IMG_2281.JPG

«Баянауыл» ҰТП-ға туристердің келуі де жылдан-жылға жақсарып келеді.

«Баянауыл» паркі еліміздегі алдынғы қатарлы парктердің бірі. 1985 жылы 12 тамызда ҚазССР-дің жарлығымен құрылған. Аумағы жағынан еліміздегі ең үлкен табиғи парк. Жыл сайын демалушылардың саны да артып келеді. Өткен жылы 120 мыңнан астам адам келген. Одан да көп адам келуі мүмкін еді, бірақ Қарағанды-Баянауыл, Қалқаман-Баянауыл жолдарында жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты, аз да болса кедергі болды. Ал биылғы жылы 250 мыңға жуық демалушы келеді деп жоспарлап отырмыз. Былтыр Ресейден келген демалушылар көп болды. ЭКСПО кезінде жақсы жұмыс жасалды. Демалуға келген қонақтардың 5000-нан астамы шетел туристері болған еді» - дейді Сүйіндік Бердешұлы.

IMG_2285.JPG

«Баянауыл» ҰТП аумағында демалушылар үшін ерекше есте қаларлық орындар да көп.

«Былтырдан бері аудан әкімшілігімен бірлесе жұмыс істеп, «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында 26 белгітас орнаттық. Сол 26 тастың 19-ы «Баянауыл» Ұлттық табиғи парктің аумағында орналасқан. Ол белгілердің ішінде атақты Шәкен Аймановтың, Әлкей Марғұланның, Сұлтанмахмұттың, Мұса Шормановтың, т.б. әйгілі тұлғалардың туған жерлері, қайтыс болған орындары немесе соларға қатысты тарихи орындар белгіленген. Одан бөлек, «Қоңыр әулие», «Кемпіртас» секілді ерекше орындар мен Жасыбай, Сабынды, Торайғыр және Біржанкөл қатарлы төрт көліміз бар. Демалушылардың көбі осы орындарға барады» - дейді парк директоры.

IMG_2290.JPG

«Баянауылға» барып демалушылар үшін арнайы туристік орталықтар жұмыс істейді.

«Мұндағы қонақ үйлердің барлығы заманауи стандартқа сай, интернетпен, басқа да керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған жүйемен басқарылады. Ал демалғысы келетін адамдар үшін Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз қалаларында арнайы туристік орталықтар жұмыс істеп тұр. «Баянауылға» келгісі келген адам солар арқылы жолдама алып келеді. Қазірдің өзінде біздегі 52 демалыс үйінде орын жоқ. Ал Жасыбай мен Сабындыкөлдегі 2 балаларды сауықтыру лагерінде де алдағы аптадан бастап орын болмайын деп тұр» - дейді Сүйіндік Ахметжанов.

IMG_2294.JPG

Оның айтуына қарағанда демалыс орталығына келетін көлік мәселесі де шешімін тауып келеді.

«2017 жылы біз аудан әкімшілігі арқылы Үкіметке шығып, байланыс жасадық. Соның нәтижесінде «Баянауыл» Ұлттық табиғи паркі мен Алакөл демалыс орталығына бір-бір 20 кісілік кішігірім ұшақ берілді. Қазіргі уақытта Баянауыл әуежайы дайын. 4 тікұшақ алаңы және 1200 метрлік ұшу жолағы бар. Тек техникалық құрал-жабдықтары толықтырылмай жатыр. Ал автокөлік жолы біршама жақсарып қалды» - дейді Сүйіндік Бердешұлы.

WhatsApp Image 2019-07-09 at 11.28.15 (2).jpeg

Айтпақшы, Сүйіндік Бердешұлы паркке басшылыққа келгеннен кейін Баянауылға пойыз жолын тартуды жоспарлаған екен.

«Баянауыл» Ұлттық табиғи паркінің аумағына 50-60 шақырым жерде Майкөбе, Сарыкөл, Талдыкөл көмір кендері бар. Осы 50-60 шақырым жерге теміржол тартатын болсақ, «Баянның» туризмін 5-6 есеге көтеруге болады. Бұл жобаны 2016 жылы өзім ұсындым. Мен ешқандай жолаушылар пойызын күнде жүргіз деп талап қойып отырғам жоқ, электришканы аптасына 2 рет жүргізіп берсе болды. Басқа күндері көмірлерін таси берсін. Онсызда тасып жатыр ғой. Мысалы Торайғыр көлін алайық. Майкөбеден көмір таситын теміржол бойына 45-ақ шақырым. Жоғарыға хат та жаздық, арнайы айттық та, бірақ «қазіргі уақытта қаражат жоқ, алдағы уақытта ескереміз» деген жауап алдым» - дейді парк басшысы.

IMG_2284.JPG

«Баянауыл» Ұлттық табиғи паркі негізінен өзін-өзі қамтамасыз етіп келе жатқан мекемелердің бірі. Дегенмен оның да жоғарыға жеткізсем деген талап-тілектері бар.

«Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласына барған бір сапарымда Үкіметтен осы өңірдегі туристік саланы дамытуға қаржы сұрағанмын. Сол кезде Көкшетау Ұлттық табиғи паркіне 5 млрд теңге берді де, бізге 20 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. Ал шын мәнісінде басқа өңірлерден гөрі, «Баянауылға» демалушылар көп келеді. Осы орайда, еліміздегі табиғи парктердің әлеуеті мен демалушылардың санына, жер жағдайына, көлік-қатынасына қарай отырып, қаржы-қаражатты да тең дәрежеде берсе екен деген ойым бар» - дейді Сүйіндік Ахметжанов.

IMG_2190.jpg

Сүйіндік Бердешұлы алда атқарсам деген жұмыстарымен де таныстырды.

«Қазіргі кезде техникалық және қаржылық мүмкіндіктері қаралып жатыр. Сол жұмыстары аяқталған соң, Сабынды, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің маңына заманауи стандарпен, барлық керек-жарағымен жабдықталған қонақ үйлер салынатын болады. Сонымен қатар, көл жағалауындағы демалыс орындарына толықтай жаяу жолын (тротуар) төсесем деймін. Көшелерді түгел жарықтандырсам, екі жерден су мұнарасын тұрғызсам, кәріз жүйесін орталықтандырып, қоқыс өңдейтін шағын зауыт ашсам деймін осы жерден. Қоқыс өңдеу бойынша қазіргі кезде Ресеймен жұмыс жасап жатырмыз» - дейді ол.

IMG_2198.jpg

Әңгімеміздің соңында ең басты мәселеге келдік. Ол - орман өрттерінің алдын алу жайы. Бір кездерде «Баянның» орманын әдейі өртегендер де болыпты. Қазіргі кезде тынышталған.

«2016-2018 жылдары айтарлықтай ауқымды өрт болған жоқ. Дегенмен, бір жылда 16 рет өрт шыққаны тіркелді. Оның аумағы 0,3 га жерді алды. Биыл жыл басынан бері 2 рет өрт шығу оқиғасы тіркелді. Аумағы да айтарлықтай көлемді емес, бар болғаны 0,0003 га жерді алды. Біздің негізгі міндетіміз болғандықтан, орманды өрттен қорғауға ерекше назар аударамыз» - дедйді Сүйіндік Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 21-29 маусым аралығында Нұр-Сұлтан-Жасыбай аралығына «Киелі Қазақстан" экспедициясы ұйымдастырылып, атты тур жүрген болатын. тур күнделігінің алғашқы күннің қорытындысы мен екінші күннің қызықтарын және үшінші күн мен төртінші күннің, бесінші күн мен алтыншы күннің, сондай-ақ жетінші күн мен соңғы күннің жолжазбасын осы жерден оқыңыздар.

Өзгелердің жаңалығы