Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауылдағы 39 демалыс үйінің 23-і коронавирус пандемиясы жағдайында туристерді қабылдауға дайын емес. Өткен аптада Баянауылдағы барлық туристік базаны аралап шыққан бақылау тобы тексерісінің нәтижесі осындай болған.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, арнайы бақылау тобының құрамына санитарлық дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Олар көптеген туристік базаның дайындық актілері жоқ екенін және қоршаған ортаға эмиссия шығаруға рұқсат алмағандығын анықтады. 10 демалыс үйінде әлі де жөндеу немесе құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар барысында қонақтарды қабылдауға тыйым салынған, - деп хабарлаған баспасөз қызметі.
Алайда бақылау тобы дене температурасын өлшейтін құралдар, санитайзер мен дезинфекциялық құралдардың жоғын анықтаған.
Осылайша, кәсіпкерлер демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілікті елемей отыр. Туристік базалардың төмен дайындығы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы Баянауыл курорттық аймағында демалыс үйлерін ашуға мүмкіндік бермей отыр. Оған қоса, Павлодар облысында күн сайын коронавирус ауруының жаңа жағдайлары тіркеліп жатыр. Тек 8-13 маусым аралығында өңірдің 78 тұрғынынан COVID-19 вирусы анықталды. Коронавирус жұқтырғандардың саны алты күнде 29,1%-ды құрады, - деп хабарлаған әкімдіктен.