Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баянауыл: Адамнан қорықпайтын түлкі жұртты таңғалдырды

29 Қыркүйек 2025, 14:36
770
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Баянауыл өңірінде жолаушылар "батыр" түлкіні көріп, видеоға таспалады. Адамдарды төңіректеп, азығына ортақтасқан түз тағысының әрекеті жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл оқиғаны өлкетанушы ғалымдар Баянауыл өңіріне сапарлай барғанда түсірген көрінеді. Әдетте түлкі адам қарасы көрінген жерге жақындамайтыны белгілі. Ал мына видеода жабайы аңның жолаушылардан қорықпай, олар лақтырған нан мен етті қақшып алғаны байқалады.

Баянауылға баратын жолда Әулиебұлақ деген жер бар. Ол Бабай-Үміткер ауылынан әрі өткен тұста орналасқан. Туристерден бұл түлкі туралы жиі естіп жүретінбіз. Айтуларынша, жаз бойы осында жүреді екен. Елдің бәрі тамақ береді дейді. Бүгін өз көзімізбен көріп, біз де тамақ бердік, – дейді видео авторы өлкентанушы ғалым Ернар Кейкин.

Өзгелердің жаңалығы