Баян-Өлгийлік спортшы гір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды

29 Сәуір 2022, 20:30
1868
Бөлісу:
Баян-Өлгийлік спортшы гір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуірдің 25-29 күндері аралығында Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында гір тасын көтеруден Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы KAZNEWS хабарлады.

Бұл чемпионатта 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Баян-Өлгий аймағының спортшысы Мәдіғайым Нұхұлы бірінші орынға ие болып, Азия чемпионы атанды.

Моңғолиядан 4 спортшы қатысып, ерлер арасындағы сайыста 85 келіде Н.Мәдіғайым мен 78 келіде Г.Цолмонхүү алтын медаль, 68 келіде Э.Буджав қос күміс жүлдеге ие болды. Ал, қыздар арасындағы сайыста 57 келіде бақ сынаған Г.Туяацэцэг алтын медаль иеленді. 

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Солтүстік Корея және Моңғолия спортшылары қатысты.

Естеріңізге салсақ, Мәдіғайым Нұхұлы гір спортынан Әлем кубогынан 2 қола медаль, 2015, 2016 жылғы әлем чемпионатында 7-орын, 2017 жылы самбо күресінен ел чемпионатының және қазақ күресінен азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Өзгелердің жаңалығы