Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баян-Өлгий өңірі әкімінің өкімі бойынша және Өлгий сұмындық Азаматтар өкілдері хуралының алғашқы сессиясының келісімімен Есболат Дәуітұлы Өлгий қаласының әкімі болып тағайындалды.
Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгий аймағының Ақкөл қалашығында дүниеге келген.
2007 жылы Ғылым технология университетін Мұнай газ мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Ғылым технология университетінен Техника ғылымдарының магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Шунхлай компаниясында менеджер, 2008-2009 жылдары НИК-Петровис компаниясында Жанармай құю бекетінде жетекші, 2009-2015 жылдары Цагааннуур қалашығындағы Мемлекеттік қорықта менеджер, инженер, 2015 жылдан Цагааннуур қалашығының әкімі қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, Бақытқұмар Қақанұлы Өлгий қаласы әкімі лауазымынан босатылды.