"Бауырына салу" фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Асхат Кучинчирековтің "Бауырына салу" фильмі Қазақстан атынан ресми түрде "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясында 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына ұсынылды.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Айта кетейік, "Бауырына салу" фильмінің премьерасы былтыр Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың өмірін баяндайды.