Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін, -деді Президент.
Сондай-ақ ол Түркі мемлекеттері сын сағатта ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсеткеін атап өтті.
Осы бауырмалдығымыз нығая түссін. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болып, ынтымағымыз жараса берсін!Түрік халқы ешқашан қиындыққа мойымаған, керісінше әрбір сынақтан шыңдалып шыққан. Бауырларымыз осы жолы да Сіздің көреген басшылығыңызбен сынақтан сүрінбей өтеді. Мен бұған кәміл сенемін,- деді Президент.