Бауыр – адам ағзасындағы жүректен кейінгі басты ағза. Интегративті нутрициолог, дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін ең оңай тәсілдерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дәрігердің сөзінше, бауырды улы заттардан тазалаған кезде темірдің де сіңімділігі де артады.
Сонымен, бауыр жұмысын жақсартатын 3 тәсіл:
Ашығу – адам ағзасының қайта қалпына келуіне клеткалардың тез жасаруына, улы заттардан тазаруына көмектеседі;
Смузи – қызылша, алма, балдыркөк секілді көкөністер мен жемістерден бауырға пайдалы смузи жасап ішкен жөн;
Сапалы жануар майларын тұтыну керек, олар бауыр мен өттің жұмысын жақсартады.