Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бауыр үшін бәріне дайын": Ағасы қарындасына, егіздің сыңары інісіне бүйректерін берді

12 Тамыз 2025, 20:02
1228
Бөлісу:
 Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы
PHOTO VIDEO
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бірінші науқас – 1979 жылы туған әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болды. Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды.

"Бауыр үшін бәріне дайын": Ағасы қарындасына, егіздің сыңары інісіне бүйректерін берді

Науқасқа егізінің сыңары, ағасы донор болды. Ол бір бүйрегін інісіне беріп, оған бүйрек трансплантациясы жасалды. Отаны "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ, “Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология” бөлімшесінің меңгерушісі Ислам Курбанұлы Мададов жетекшілік еткен трансплантологтар командасымен бірге, Көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD, Ербол Серікұлы жасады. Ота сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта тиесілі ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада.

"Бауыр үшін бәріне дайын": Ағасы қарындасына, егіздің сыңары інісіне бүйректерін берді

Айта кету керек биыл ауруханада 1 рет бауыр ауыстыру отасы жасалса, өткен жылы бүйрекке 6 трансплантация жасалды.

Өзгелердің жаңалығы