Батыс жастарының бәрі мұнайшы бола алмайды - Тоқаев

19 Сәуір 2023, 11:02
2897
Бөлісу:
Батыс жастарының бәрі мұнайшы бола алмайды - Тоқаев
Фото: Ақорда

Батыс жастарының бәрі мұнайшы болуға ұмтылуы дұрыс емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы Жаңаөзен мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті қаланы дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Оны міндетті түрде жүзеге асырумыз керек. Үкіметте бұл жұмысқа жауапты болады, - деді Президент.

Ол Маңғыстау өңірін дамыту ісінде жастарды түрлі бағыттарға баулу қажет екенін атап өтті.

Батыста, әсіресе, Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал күрделі болып кетуі мүмкін, - деді Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Тоқаев сол себепті өңірде басқа кәсіптің дамуына жағдай жасалуы керек екенін айтты. Айтуынша, мемлекет көзі ашық, білімді жастарды тәрбилеу қажет.

Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы