Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртенді

12 Шілде 2024, 07:46
218
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жүк көлігі өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Тасқала ауданынының тас жолында өрттің құрғақ шөпке ауысуымен жүк көлігінің жануы орын алды. Белгілі болғандай, көлік шөп тиелген.

ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы