Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды

3 Маусым 2024, 22:15
481
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 398 үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау және техникалық байқаудан өткізу бойынша кеңес өткізді.  Сондай-ақ құрылысшыларды қажетті көлемде құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және жаңа құрылыс алаңдарына бөлінбеген нысандарды орналастыру мәселелері де талқыланды.

Қазіргі мәліметтер бойынша Батыс Қазақстанда қазірдің өзінде 398 үйдің құрылысы басталып, 726 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 57 үй сатып алынған.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда 2761 нысанда техникалық байқау аяқталып, нәтижесінде 401-ін қайта салу, 1063-ін сатып алу туралы шешім қабылданып, қалған нысандар жөндеуге жатады деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы