Батыс Қазақстанда су тасқынына дайындық қалай

3 Желтоқсан 2024, 08:32
401
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда су тасқынына дайындық қалай
Фото: Артём Чурсинов -архив

Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, суару кезеңі аяқталғаннан кейін Шаған су қоймасы мен Шолақанқата, Сұлусай және Ембулатовка су қоймалары қысқы жұмыс режиміне көшкен. Су тасқынын қауіпсіз өткізу және бос сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін аталған су қоймаларынан су жіберілді.

Сондай-ақ филиал 73,6 шақырым каналды механикалық тазалау және 8 гидротехникалық құрылысты жөндеуді аяқтады, 6 гидротехникалық нысан қалпына келтірілді. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Барлық су шаруашылығы нысандарында көзбен шолып тексеріс жүргізілді. Барлық нысандар тиісті жағдайда, олар бойынша күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспорттары жасалды, - деді БҚО бойынша "Қазсушар" филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Өзгелердің жаңалығы