Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысы ауылдарының бірінің маңында дрон құлағаны туралы суреттер мен ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Мой Город"-қа сілтеме жасап.
Аталған ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, табылған заттар Ақжайық ауданында анықталған. Олар визуалды тұрғыдан ұшатын құрылғының фрагменттеріне ұқсайды.
Ведомствоның хабарлауынша, объект елді мекендерден тыс жерде табылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде, мамандар барлық деректерді анықтап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де БҚО-да осындай оқиғалар тіркелген. Батыс Қазақстан облысында бұған дейін де дрондардың құлаған оқиғалары тіркелген. 2025 жылғы наурызда Жәнібек ауданында белгісіз ұшатын құрылғының фрагменттері табылған болатын. Сол кезде полиция департаменті тексеру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлаған.
2025 жылғы қазан айында Бөрлі ауданында да дрон фрагменттеріне ұқсас заттар табылған.