Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Батыс Қазақстанда автокөліктен 291 киік мүйізі табылды

29 Сәуір 2025, 04:20
592
Бөлісу:
 БҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында киік мүйізін заңсыз тасымалдаған азамат қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, заңсыз сауда арнасын анықтады. Орал–Атырау күре жолында Toyota Alphard маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, көліктің жүксалғышынан 291 киік мүйізі салынған екі қорап табылды.

Анықталғандай, бұл мүйіздер автокөлік жолаушысы — Бөкей ордасы ауданының 1982 жылы туған тұрғынына тиесілі болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Полиция департаменті табиғат қорғау заңнамасын қатаң сақтауға және киіктерді заңсыз аулаудың, олардың дериваттарын тасымалдаудың ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы