Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 14 қараша күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Батыс Қазақстан облысында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолының 195–246 шақырымындағы учаскеде (РФ шекарасы — Сырым өткізу пункті – Орал қаласының МАИ бекеті) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 15 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.