Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 21 Қараша 2025 2025, 21:27
21 Қараша 2025 2025, 21:27
474
Фото: pixabay.com

ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 2025 жылғы 21 қараша сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Атырау-Орал» автожолының 373-492 шақырым аралығындағы учаскесінде (Чапай ауылы - Орал қаласы) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

2025 жылғы 22 қараша сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Наверх