Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

17 Қыркүйек 2022, 12:39
1288
Бөлісу:
Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды
PHOTO

«Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әлеуетті құрылымдар мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің өкілдері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде басқару органдарын өрістету бойынша лауазымды тұлғалардың іс-қимыл тәртібі пысықталды, бөлінетін кешенді күштер мен құралдардың жинақталуы, олардың материалдық және техникалық құралдармен қамтамасыз етілу мәселелері тексерілді.

Облыс аумағында полиция, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, азаматтық қорғау, ұлттық қауіпсіздік бөлімшелерін және жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, бірқатар оқу-жаттығулар өткізілді. 

Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

Қорытынды кезеңде аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Олардың барысында стратегиялық объектілерді күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды. Облыстың медициналық мекемелерінің күшімен алғашқы дәрігерлік көмек жасағы элементтерінің бірін тәжірибеде көрсету ұйымдастырылды. 

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін штаб басшылығы лауазымды адамдар мен бөлімшелер жеке құрамының іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, ұсынымдар әзірленді.

Батыс Қазақстан облысында «Бекет-2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

Биылғы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өтетінін хабарлаймыз. Осындай оқу-жаттығулар жыл сайын Қазақстанның әрбір өңірінде өткізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы