Батыс Қазақстанда алдағы төрт жылда 77 мектеп салынады

2 Желтоқсан 2021, 17:40
1176
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда алдағы төрт жылда 77 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Білім саласында Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу тапсырмасы бойынша өңірде 77 мектеп салуды жоспарға енгіздік, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Әкімнің айтуынша, қаладағы мектептер мәселесін шешуге жеке инвесторлар тартуды көздеп отыр. Күні бүгінге Орал қаласында жеке инвесторлар 2 мектеп салып жатыр. 

Сонымен бірге, республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды.

Ауылдағы мектептерді бюджет қаражаты мен жеке инвесторлар арқылы шешетін боламыз. Ол үшін 60 және 108 орындық мектептердің жобалары дайындалды, - дейді өңір басшысы.

Жалпы тәуелсіздік жылдары БҚО-да 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылған.

Өзгелердің жаңалығы