Батыс Қазақстанда 200 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

24 Қыркүйек 2021, 18:14
10132
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда 200 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады. 

Оның айтуынша, облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация науқаны басталы бері екпе алу қарқынды жүргізіліп жатыр.

Вакцинаның бірінші компонентін 218 050 адам салдырды. Бұл вакцинациялауға жататын халықтың 60,6%-ын құрайды. Екінші компонентті 190 469 адам салдырды. Бұл 52,9 %-ға тең, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кететін жайт, Батыс Қазақстан облысында тәуліктік қуаты 4742 тест жасайтын covid-19 диагностикасы бойынша 12 зертхана жұмыс істейді. Ай басынан бері 40 мыңнан астам зерттеу жүргізіліпті. Ал соңғы тәулікте 1281 талдау зерттелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда 50-ге жуық сынып карантинге жабылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы