«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар сайысқа түсті

22 Тамыз 2019, 00:55
2356
Бөлісу:
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар сайысқа түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметшілер жақсы нәтиже көрсете отыра, сержанттар корпусының жауынгерлік даярлық жүйесіндегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарады.

0.jpg

«Аталмыш конкурс Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің базасында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты»номинацияларында бақ сынасты»,-делінген хабарламада.

Конкурс бағдарламасы сан түрлі тақырыптан құралған болатын, олар: «Қайсар» әскери-спорт сайысы, «Барыс» әскери қоян-қолтық күресі, оқ дайындығынан «Мерген» этапы, әскери техниканы жүргізуден «Тұлпар», білімділер арасынан «Білімпаз» этапы, «Шебер» техникалық дайындық тақырыбы, «Денсаулық» әскери-медициналық дайындығы мен «Бағдар» әскери топография тақырыптары.

0.jpg

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік батальон сержанты» атағын 30238 әскери бөлімінен (Ақтөбе) 3-сыныпты сержант Азамат Асқаров иеленді. «Үздік рота сержанты» атағы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі (Атырау) аға сержант Ермек Зайлагиға бұйырса, 75488 әскери бөлімінен (Ақтауа) сержант Мерей Дауренбеков «Үздік взвод сержанты», ал 41433 әскери бөлімінен (Атырау) кіші сержант Темирлан Байзуллин «Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында жеңімпаз атанды.

0.jpg

«Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз. Бүгінгі күні сержант корпусы «мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса» ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді»,- дейді 30238 әскери бөлімінің сержанты – 2- сыныпты сержант Мәди Ахметжанов.

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттар да назардан тыс қалмады.

 

Өзгелердің жаңалығы