Батыс Қазақстанда вирус жұқтырған кісі Ресейден келген

20 Сәуір 2020, 22:27
1504
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда вирус жұқтырған кісі Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Коронавирус инфекциясы анықталған азамат Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын 40 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны.

Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" бекетінде эпидемиологтар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматта дене қызуының көтерілуі, денсаулығына шағымы болмаған. 

Алгоритмге сәйкес, эпидемиологтар жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен пациентте COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

20.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы